DHC В дәрумені, 60 күн

Сипаттамалары
- Өндіруші
- DHC
- Түрі
- БАД kaz
- Салмағы
- 120 гранул
- Штрихкод
- 4511413404164
- Өндіруші ел
- Япония kaz
Бағасы4 000 ₸
WhatsApp арқылы сатып алу
Жапондық DHC B-mix 60 күн дәрумендер кешені — ағзамызға қажет B тобы дәрумендерінің тиімді үйлесімі!
Биоқоспаның құрамында 8 дәрумен бар: B1, B2, B6, B12, ниацин, биотин, пантотен қышқылы, фолий қышқылы, сондай-ақ дәрумен тәрізді инозитол заты (B8 дәрумені) бар. Табиғатта бұл дәрумендер бірге кездеседі әрі жеке-жеке қолданғаннан гөрі «бірлесіп» белсендірек әсер етеді.
Бұл қоспа тері күтімі мен энергияны қалпына келтіруге өте пайдалы!
B тобының дәрумендері — барлық жасушалық үдеріске қатысатын өмірлік маңызды қосылыстар!
Олар теріні безеу мен сусызданудан қорғайды, тыртықтар мен қызаруды азайтады, пигментті дақтардан арылуға көмектеседі, теріні ағартып, жасартады және жағдайын жақсартады, шаштың құрылымына, көз бен бауырға оң әсер етеді. Сондай-ақ зат алмасуды жылдамдатады, салмақты бақылауға көмектеседі, мидың жұмысын жақсартады, дәрумен тапшылығының алдын алады, шаршауды басып, күшті қалпына келтіреді және қарқынды жұмыстан болған күйзелісті азайтады.
Бұл дәрумендер тобы ұрық жасушаларының бөлінуі мен өсуіне, ана ағзасының ақуызды сіңіруіне, жүкті әйелдердегі анемия мен токсикоздың алдын алуға жауап береді.
- B1 (тиамин) — ақыл-ой қабілеті мен есте сақтауға әсер етеді;
- B2 (рибофлавин) — көру, тері мен шырышты қабықтардың саулығы үшін маңызды;
- B3 (ниацин) — ақуыздар, майлар және гормондар (тестостерон, эстроген, инсулин) синтезіне қатысады;
- B5 (пантотен қышқылы) — миға қажет, майларды ыдыратады, шырышты қабықтарды инфекциялардан қорғайды;
- B6 (пиридоксин) — жақсы көңіл күйге, ұйқы мен тәбетке жауап беретін серотонин синтезіне қатысады;
- B7 (биотин) — тері мен шашқа, жүйке жүйесі мен зат алмасуға арналған «сұлулық дәрумені»;
- B8 (инозитол) — жүйке тіні мен теріні қалпына келтіреді, бауырда майдың жиналуын азайтады, бұлшықет пен сүйек тінінің өсуін ынталандырады. Бұл бала ағзасының қалыпты дамуы мен өсуі үшін маңызды, ал сүйек сынғанда оның бітуін жылдамдатады;
- B9 (фолий қышқылы) — аминқышқылдар синтезіне қатысады, эмбрионның дұрыс дамуына ықпал ететіндіктен жүктілік кезінде ерекше маңызды;
- B12 (цианокобаламин) — жүйке тінін қорғайды, оның жетіспеуі депрессияға, склерозға, шаршауға және анемияға әкеледі;
-
B12 дәрумені мен фолий қышқылы эритроциттердің түзілуіне қатысады.
Қолдану тәсілі: тамақтану кезінде күніне 2 рет 1 таблеткадан.
Сәйкестік декларациясының тіркеу нөмірі: ЕАЭС N RU Д-JP. PA03.B.75935/23.
Сәйкестік декларациясының тіркелген күні: 11.05.2023
Сәйкестік декларациясы тіркелген күннен бастап 09.05.2028 дейін жарамды
