Kobayashi Inochi No Haha — Өмір анасы, 70 күн

Сипаттамалары
- Өндіруші
- Kobayashi
- Түрі
- ББҚ
- Салмағы
- 840 таблеток
- Штрихкод
- 4987072070628
- Өндіруші ел
- Жапония
Бағасы24 000 ₸
WhatsApp арқылы сатып алу
«Өмір анасы» — 40 жастан асқан әйелдердің көңіл күйі мен жалпы жағдайын жақсарту үшін арнайы әзірленген, Жапонияда Kobayashi компаниясы шығаратын сенімді әрі қауіпсіз препарат. Оның құрамында әйел ағзасының барлық жүйесін қолдау үшін мұқият теңестірілген 13 түрлі шөп, дәрумен, минерал және аминқышқыл бар.
Препараттың әйелдерге арналған көптеген артықшылығы бар: қан айналымын жақсартады, гормондық тепе-теңдікті тұрақтандырады және вегетативті жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіріп, ағзадағы теңгерімсіздікті жоюға көмектеседі.
«Өмір анасы» препараты эстрогенге ұқсас әсер де береді. Бұл етеккір циклін қалыпқа келтіріп, бедеулік мәселесін шешуді жеңілдетеді. Сонымен қатар жүктілікті жоспарлау кезінде сенімді көмекші бола алады.
Бұған қоса, препарат формуласы ағзадағы метаболизм мен зат алмасуды жақсартып, әйелдердің денсаулығы мен көңіл күйіне оң әсер етеді.
Сондықтан климакс кезеңіне байланысты мәселелерден арылғыңыз, жалпы денсаулығыңызды жақсартқыңыз немесе бедеулік мәселесін жеңгіңіз келсе, «Өмір анасы» сіз үшін сенімді әрі қауіпсіз таңдау бола алады.
Бұл құрал әйелдерге күн сайын өзін жақсы сезінуге көмектеседі.
Қолдануға көрсетілімдер:
- Қан тамырларын нығайту
- Климакс синдромы (ыстық басу, бас сақинасы, әлсіздік, бұлшықет ауырсынуы, қалтырау, қаназдық, жүректің қатты соғуы, құлақтағы шу, іш қату, күйзеліс, ұйқысыздық)
- Терінің жағдайын жақсарту
- Етеккір циклінің бұзылуы (ауырсыну, етеккірдің болмауы)
- Қартаю үдерістерін баяулату
- Қан айналымы мен артериялық қысымды қалыпқа келтіру
- Гормондық тепе-теңдіктің бұзылуы және соған байланысты жағдайлар.
Құрамы (12 таблетка, тәуліктік мөлшер):
- рауғаш тамыры — 175 мг
- дәрілік анжелика — 300 мг
- дәрілік балдыркөк — 100 мг
- кокос тәрізді пория — 175 мг
- кассия (қытай даршыны) — 170 мг
- атрактилодес тамырсабағы — 100 мг
- ақ таушымылдық сығындысы (Марин тамыры) — 300 мг
- шүйгіншөп тамыры — 207 мг
- пинеллия тамыры — 75 мг
- муста тамыры — 50 мг
- жабайы ямс — 50 мг
- эводия — 40 мг
- цимицифуга — 40 мг
- женьшень тамыры — 40 мг
- таурин — 90 мг
- рауғаш тамыры — 175 мг
- В1 дәрумені — 5 мг
- В2 дәрумені — 1 мг
- В6 дәрумені — 0.5 мг
- В12 дәрумені — 1 мг
- фолий қышқылы — 0.5 мг
- биотин — 1 мг
- кальций пантотенаты — 5 мг
- Е дәрумені (токоферол ацетаты) — 5 мг
- кальций гидрофосфаты — 10 мг
- магний, стеарин қышқылы, картоп крахмалы, ара балауызы.
Қосымша заттар:
- магний
- стеарин қышқылы
- картоп крахмалы
- ара балауызы
- желатин
- ақ қант
- эритрозин.
Қолдану тәсілі:
ұсынылған мөлшері — тамақтанар алдында күніне 3 рет 4 таблеткадан. Ағзаны қолдау үшін курсты екі айға дейін ұзартуға болады. Препарат жылына бір-екі рет курс түрінде қабылданады.
Қарсы көрсетілімдер:
жүктілік, бала емізу кезеңі, жеке көтере алмаушылық.
Сақтау тәсілі:
балалардан алыс, құрғақ, қараңғы әрі салқын жерде, қаптамасын мықтап жауып сақтау керек. Басқа ыдысқа салмаңыз. Таблеткаларды дымқыл қолмен ұстамаңыз.
Сәйкестік декларациясының тіркеу нөмірі: ЕАЭС N RU Д-JP.PA03.B.76179/23.
Сәйкестік декларациясының тіркелген күні: 11.05.2023
Сәйкестік декларациясы тіркелген күннен бастап 10.05.2028 дейін жарамды
