+7 (702) 335-67-33Қазақстан бойынша жеткізу
0

C-Para (Си-пара) дәрумендер кешені — 1 АМПУЛА

C-Para (Си-пара) дәрумендер кешені — 1 АМПУЛА

Сипаттамалары

Өндіруші
TAKATA Pharmaceutical
Түрі
Ампула
Салмағы
100 ампул
Штрихкод
4987197620156
Өндіруші ел
Жапония
Бағасы2 500 ₸
Қоймада жоқ Түскенде хабарлау
  Сипаттамасы

  Ампуладағы C-Para (Си-пара) дәрумендері — жоғары концентрациядағы В1, В2, В6, В3, В5 және С дәрумендерінің тамаша үйлесімі. Ампуланың суда еритін құрамын тері астына және бұлшықет ішіне инъекция жасауға, сондай-ақ тамызғыш арқылы енгізуге болады. Қараңғы әрі салқын жерде сақтау керек, әр ампуланың көлемі — 2 мл. Мезотерапияға арналған ампуладағы C-Para дәрумендері теріңізді жандандырып, серпімділігі мен сау жарқылын қайтарады, пигментті дақтар және әжімдермен күресуге көмектеседі.

  Препараттың әсерлері:
  • -В және С дәрумендерінің тапшылығын толықтырады
  • -Метаболизм үдерістерін жылдамдатады, жасаруға көмектеседі, созылмалы шаршау кезінде ұсынылады
  • -Ағартатын әсер береді, пигментті дақтар мен тыртықтарды ағартады. Бөртпелердің (акненің) санын азайтады
  • -Коллагеннің өндірілуі мен жақсы сіңуіне көмектеседі, теріні тартып, тері тесіктерін кішірейтеді
  • -Қабынуға қарсы тоник ретінде әсер етіп, есекжем мен экземалық дерматит кезіндегі қызару мен қышуды азайтады
  • -Ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады
  • -Қан айналымын жақсартады (аяқ-қолы суықтап немесе «ұйып» қалатын адамдарға ұсынылады)
  • -Қатты бас сақинасы мен бел ауырсынуының алдын алып, оларды жеңілдетеді
   В1 дәрумені (тиамин) Си-пара құрамында болып, бұлшықет тонусын қолдайды және қартаю үдерісін баяулатады. В2 дәрумені (рибофлавин) жарылған және қабыршақтанған ерінді қалпына келтіреді, себореялық дерматитті емдеуге мүмкіндік береді, тырнақ пен шаштың өсуіне көмектеседі. В3 дәрумені (никотин қышқылы) қан тамырларын кеңейтеді, холестериннің шамадан тыс жиналуына жол бермейді, осылайша қан айналымын жақсартып, бет түсін сауықтырады және шаштың өсуін жақсартады. В5 дәрумені (пантотен қышқылы) басқа пайдалы компоненттердің сіңуіне көмектеседі, қалпына келтіретін әсер береді және күйік пен экземаны емдеуге қолданылады, сондай-ақ майларды ыдыратып, белгілі бір аймақтың арықтауына көмектеседі. В6 дәрумені (пиридоксин) ағзаға қажет ферменттердің түзілуі мен сақталуына қатысады, жасөспірімдердегі акнені және етеккір циклінің соңғы кезеңіндегі қатты гормондық ауытқудан пайда болған акнені емдейді, сондай-ақ қайызғақпен күреседі. С дәрумені пигментті дақтарды ағартады, ұсақ әжімдерді тегістеп, бет терісін тартады, дәнекер тіндерді қолдайды, терідегі жаралар мен тыртықтарды жазады. 

  1 ампуладағы (2 мл) құрамы:
Тиамин гидрохлориді (В1 дәрумені) — 10 мг
Рибофлавин (В2 дәрумені) — 1 мг
Пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) — 2 мг
Никотинамид (В3 дәрумені) — 20 мг
Пантотен қышқылы/пантенол (В5 дәрумені) — 2 мг
Аскорбин қышқылы (С дәрумені) — 50 мг
 
  Қолдану тәсілі және мөлшері
Ампуланың суда еритін құрамын тері астына және бұлшықет ішіне инъекция жасауға, сондай-ақ тамызғыш арқылы енгізуге болады. Әдетте ересектерге бір процедура сеансы тәулігіне 1-3 ретке бөлініп, 2-10 мл (1-5 ампула) қолданылады. 

  Қарсы көрсетілімдер
аллергиялық реакциялар, қызару, бөртпе, препарат компоненттерін көтере алмаушылық

  Сақтау шарттары
Салқын жерде сақтаңыз. Тікелей күн сәулесінің түсуіне жол бермеңіз

← Санатқа оралу